ПАЦИЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

1. Препаратты алу үшін не қажет?

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Препаратты алу үшін:

  1. Сақтандырылған адамның белсенді мәртебесі болуы;
  2. Бейінді дәрігердің (ревматолог немесе дерматолог) қорытындысы;
  3. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) шешімі — егер ол тағайындалған терапия үшін талап етілсе (мысалы, биологиялық ем кезінде) қажет.

2. МӘМС мәртебесі

2026 жылы сақтандырылған мәртебесін алу үшін қатар келген 12 ай үшін жарналардың болуы қажет: — не өткен кезең үшін; — не алдын ала төлем жасау арқылы. Азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін жарналарды мемлекет төлейді. Оларға мүгедектігі бар жандар, зейнеткерлер, ресми тіркелген жұмыссыздар, күндізгі бөлім студенттері және заңнамада көзделген өзге де санаттар жатады.

Мәртебені тексеру жолдары: — 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу; — Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы; — @SaqtandyrýBot Telegram-боты көмегімен; — ӘМСҚ сайтында: https://msqory.kz/kz/

3. Емдеуді тағайындау

Бейінді маман: — диагнозды растайды; — емдеу схемасын анықтайды; — үзінді көшірмені (выписка) ресімдейді; — биологиялық терапия тағайындалған жағдайда ДКК-ға жібереді. Егер маманның қорытындысы ДКК жүргізілмеген медициналық ұйымда алынса, тіркелген жері бойынша емхана ДКК-ны өз бетінше өткізуге және шешім қабылдауға құқылы.

4. Емханаға жүгіну

Медициналық қорытындымен тіркелген жеріңіз бойынша емханаға жүгіну қажет. Емхана: — динамикалық есепке қояды; — құжаттарды қабылдайды; — препаратқа өтінім ресімдейді; — алдағы іс-қимылдар туралы хабардар етеді. Тіркелген жеріңізді eGov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.

5. Егер ауырсыну күшейсе

Ауырсыну күшейген жағдайда, бейінді дәрігер жағдайды жеңілдету үшін қабынуға қарсы немесе гормоналды препараттарды қысқа мерзімге ұсынуы мүмкін. Мынаны түсіну маңызды: — мұндай препараттар шектеулі мерзімге тағайындалады; — олар симптомдарды азайтады, бірақ негізгі терапияны алмастырмайды; — симптоматикалық препаратты тоқтату ауырсынудың қайта келуіне әкелуі мүмкін — бұл әрдайым аурудың нашарлауын білдірмейді.

6. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде кідіріс немесе бас тарту болса

Алдымен емхана ішінде мына тұлғаларға хабарласыңыз: — учаскелік дәрігерге; — бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарына; — аудит жөніндегі орынбасарына (бар болса); — бас дәрігерге. Егер мәселе емхана деңгейінде шешілмесе, «е-Otinish» (https://eotinish.kz/kz) жүйесі арқылы немесе келесі мекемелерге жазбаша жүгіне аласыз:

7. Қарау мерзімдері

Жауап өтініш тіркелген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде беріледі. Қажет болған жағдайда мерзім 2 айға дейін ұзартылуы мүмкін (бұл туралы 3 жұмыс күні ішінде хабарлануы тиіс).

8. Емге бейілділікті сақтаудың маңыздылығы

Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде келесі кезеңге арналған препараттар саны алдыңғы жылғы нақты берілген көлем негізінде қалыптасады. Егер препарат жүйесіз алынса (мысалы, 12 айдың орнына 5 ай ғана), келесі жылы бөлінетін мөлшер азайып қалуы мүмкін. Емді үзіліссіз жалғастыру үшін: — мөлшерлеу режимін сақтаңыз; — дәрігерге уақтылы барыңыз; — препаратты тұрақты түрде алып тұрыңыз; — қажетті медициналық құжаттарды (соның ішінде ДКК шешімін) жаңартып отырыңыз.

10. Сіздің құқықтарыңыз

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабына сәйкес сіздің құқығыңыз бар: — өз денсаулығыңыздың жай-күйі туралы шынайы және түсінікті ақпарат алуға; — диагнозды, болжамды және емдеу әдістерін білуге; — емдеудің ықтимал қауіптері мен салдарлары туралы түсініктеме алуға; — сұрақтар қоюға және жауап алуға; — өз құқықтарыңызды қорғауды талап етуге. Түсініктеме алу үшін жүгіну медициналық көмектен бас тартуға негіз бола алмайды.